Желіні шулатқан қылмыстық іске қатысты елордалық полиция түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті елордалық ер адамның өз әйелін аяусыз өлтіруінің себебін атады. Полициядағылар бұған дейін әлеуметтік желілерде жазылған кейбір фактілерді жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 28 сәуірінде сағат 14.31-де "102" шғыл байланыс желісіне Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын-үйдің кіре берісінен көптеген пышақ жарақаттарымен 1982 жылғы Белоус Надежданың табылғаны туралы қоңырау келіп түсті,. Ол бірден қалалық ауруханаға жеткізіліп, сағат 16.10 шамасында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Полиция қылмыстық істің ізін суытпай марқұм әйелдің 1992 жылғы күйеуі - Белоус Ростиславты ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қылмыстың себебі ерлі-зайыптылар арасында туындаған қызғаныш болды. Ерлі-зайыптылар 2020 жылдың қаңтарынан бері бірге тұрмаған, олар 2017 жылы шаңырақ көтерген. Олар екі бала тәрбиелеген: 2011 жылғы бала әйелдің бірінші некесінен, ал 2018 жылғы екіншісі - күйеуімен арадағы ортақ баласы. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған балалар марқұмның сіңлісінің қамқорлығына алынған, деп хабарлады елордалық ПД баспасөз қызметі.
Қылмыс тұрғын үйдің кіре беріс подъезінде болған. Куәгерлер болмаған. Ал бұл кезде балалар туысымен бірге пәтерде болған. Бұған дейін әлеуметтік желілерде марқұм әйелдің көп балалы ана екендігі туралы жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.
2020 жылдың 27 сәуірінде сағат 16. 38 уақытында полицияға бұрынғы жұбайының жанжал шығарғаны туралы әйел шағым түсірген. Құқық бұзушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, ҚР ҚК 434 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жанжал фактісі бойынша, Белоус Н.-тың құқығын қорғау мақсатында, Белоус Р.-қа қарсы қорғаныс бұйрығы шығарылды, сұрақ-жауап алынғаннан кейін ол босатылды. 28 сәуірде істі сотта қарау жоспарланған болатын. Алайда 2020 жылдың 28 сәуірінде таңертең учаскелік инспекторға зардап шегуші Белоус Надежда қоңырау шалып, күйеуіне ешқандай айып тақпайтынын, оны босатуды сұраған, осылайша олардың арасындағы жанжал толығымен шешіліп, жұп татуласқандай болған. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деп толықтырды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.
Полициядағылар карантин кезеңінде бұл факт отбасылық-тұрмыстықзорлық-зомбылық бойынша тіркелген жалғыз ауыр қылмыс болып табылатындығын атап өтті. Осы санаттағы барлық келіп түскен өтініштер үшін барлық қажетті шаралар қолданылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Facebook-тегі NemolchiKZ парағында әйелді бұрынғы күйеуі өлтіргені туралы ақпарат пайда болған. Онда көп балалы ананы бұрынғы күйеуі балаларының көзінше өлтірілді деген болжам айтылған. Сондай-ақ, полиция шақырған күні ер адам ұсталып, кейін босатылғаннан кейін әйелін тауып алып, пышақтап кеткені айтылды.