Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда 10 жасар бала кәрізге құлап кетті

жедел жәрдем көлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 18:23 Сурет: Zakon.kz
Атырауда бала кәрізге құлап кетті. Түрлі жарақат алған 10 жасар бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға кезінде түсірілген фото Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды. Оқиға 20 мамырда болған.

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің қасында бастауыш сынып оқушысы кәрізге құлап кетті, – делінген хабарламада.

Атырау облыстық балалар ауруханасы баланың 2011 жылы дүниеге келгенін хабарлады. Ол ауруханаға 12:25-те жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.

Баланы травматологтар қарады. Екі проекцияда бас сүйегінің рентгені түсіріліп, алғашқы хирургиялық ем жүргізілді. Диагноз: оң жақта тізе аймағының жұмсақ тіндерінің көгерген абразиясы және бастың самай бөлігінің жұмсақ тіндерінің көгеруі. Бала тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық бақылауға жіберілді.Атырау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі

«Атырау облысы су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «көрсетілген аумаққа құдық орнатылып жатқанын» хабарлады.

Жұмыс орны қоршалған. Құдықтың өзі жабылған. Құдық қабырғасындағы бос жерді ғана толтыру қалды. Жұмысшылар қабырғаны толтыру үшін топырақтың жеткізілуін күтті. Қасынан өтіп бара жатқан бір топ жігіт кенет қоршаудың артына жүгірді. Балалар тоқтаңдар деген ескертуге жауап бермеді. Салдарынан олардың бірі абайсызда құдықтың шетіндегі ойыққа түсіп кеткен. Қазір баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, тек жеңіл жарақаттар алған.«Атырау облысы су арнасы» КМК
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: