Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті

Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2024 17:50 Сурет: pixabay
Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасы хабарлады.

Кеше, 14 маусым күні сағат 09:00 шамасында Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан құлаған төрт жастағы ұл бала оқиға орнында қайтыс болған.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: