Шымкентте төрт жасар бала жоғары қабаттан құлап кетті
Сурет: pexels
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен төрт жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
3 қыркүйек күні сағат 18:45-те әл-Фараби ауданы, Володарский көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің қабатынан 2020 жылы туған ұл бала терезеден құлап кеткені бойынша хабарлама келіп түсті.
Қазірге таңда ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа.
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға ескерту жасады:
- Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;
- Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;
- Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;
- Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;
- Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, бала сіз үйде болмаған кезде қайталауы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript