Шымкентте төрт жасар бала үшінші қабат терезесінен құлап кетті

Шымкентте төрт жасар бала үшінші қабат терезесінен құлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2024 10:52 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте үшінші қабаттың терезесінен төрт жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға кеше, 6 шілдеде Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйде болған.

Бала дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы орташа.

Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды, олардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақтық шараларын сақтауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: