Жапония карантин шектеулерін жұмсартып, туристерді қабылдау лимитін арттырады

Карантин талаптары Сурет: pixabay
Министрлер кабинетінің Бас хатшысы Хироказ Мацуно 1 маусымнан бастап сырттан 20 мыңға дейін адам қабылдай алатынын, сондай-ақ туристер келіп жеткен елдер мен өңірлердің шамамен 80 пайызынан ПТР-тест анықтамасына қатысты талап жойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
1 маусымнан бастап біз инфекцияның алдын алуға байланысты елге кіру талаптарын жеңілдетеміз және сырттан адам қабылдаудың тәулік бойындағы лимиті 10 мыңнан 20 мың адамға дейін арттырамыз", деп хабарлайды ТАСС Мацуноның сөзін келтіріп.

Министрлер кабинетінің Бас хатшысының айтуынша, бірқатар туристер үшін алғашқы бірнеше күн қонақ үйлерде карантинде болу талабы да жойылады. Мұндай жағдайда ұшаққа отырар алдында ПТР-тест анықтамасын көрсету талабы сақталады.

Жапония СІМ сайтында хабарланғандай, коронавирустың таралу жағдайына қарай мемлекеттер үш топқа бөлінеді. Бірінші (қызыл) санаттағы мемлекеттер арнайы қонақ үйде үш күн карантинде болуға мәжбүр болады және үшінші күні коронавирус жоққа шығарылған жағдайда ғана қонақ үйден шыға алады.

Екінші (сары) топтағы елдерден келген туристер бір апта бойы үйде болуы керек, бірақ үшінші күні тест тапсырып, коронавирус диагнозы жоққа шығарылса, үшінші күні-ақ карантинді аяқтау мүмкіндігі болады. Жапонияда мойындалған коронавирусқа қарсы үш вакцинаны алған болса, онда барлық карантиндік талаптар жойылады. Үшінші (көк) топтағы елдерден келгендерге, тіпті қосымша екпе салдыртпаса да ешқандай талаптар қолданылмайды.

Санаттар бойынша елдердің тізімі әлі жарияланған жоқ. Бұл өзгеріс 10 сәуірде күшіне енді.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз