Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Batyr. Gül Almaty концерті өтіп жатыр

Батырхан Шүкеновті еске алу концерті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 20:40 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығына арналған Batyr. Gül Almaty арнау концерті өтіп жатыр. Концертті ұйымдастырушылар ауа-райының қолайсыздығына байланысты сахнаны Республика сарайының көрермен залына ауыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішке кіре алмағандар үшін Абай алаңында үлкен экранда трансляция ұйымдастырылды. Мұнда шамамен 2 мың адам жиналған, ағылып келіп жатқандар әлі бар.

Батырхан Шүкеновті еске алу, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 20:40

Сурет: Zakon.kz

Абай алаңында жаңбырдан қорғайтын палаткалар тартылып, отыруға орындар қарастырылған.

Республика сарайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 20:40

Сурет: Zakon.kz

Концертті марқұм әншінің ағасы Бауыржан Шүкенов ашты. Сонымен қатар, залда Батырханның анасы Клара Ибрагимқызы да отыр.

Республика сарайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 20:40

Сурет: Zakon.kz

Батыр шығармашылығының адал жанкүйерлері концертті тамашалап, көздеріне жас алып ән шырқап жатыр. Бүгінде миллиондаған тыңдарманның сүйікті әндерін симфониялық оркестр, солистер, Батырдың замандастары мен жас музыканттар алғаш рет орындайды.

Республика сарайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 20:40

Сурет: Zakon.kz

Іс-шараға Батырдың көпжылдан бергі әріптестері қатысуда: ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова, композитор Ренат Гайсин, әнші Рүстем Нұржігіт, Марсель және оның шығармашылығын өзінше түсіндіретін жас әртіс Мәди Сыздықов, dudeontheguitar, Jeltoksan , Маквин, nasiafromasia және басқалар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Batyr. Gül Almaty арнау концерті – бұл Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қорының қызметінің жалғасы, ол әнші туралы естелікті сақтауға және Қазақстанның жанды әрі күшті мәдени ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Айта кетсек, 2015 жылдың 28 сәуірінде Батырхан Шүкенов Мәскеуде дүние салды. Ол 53 жаста еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: