Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттегі жарылыс салдарынан бір нәресте көз жұмды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2022 17:24 Сурет: Instagram/turkistan_oblysy
Шымкентте жарылыс салдарынан жаңа туған нәресте көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталығының жанында орналасқан жекеменшік дәріхана ғимаратында жарылыс болды.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жарылыс кезінде перинаталдық орталықта 189 науқас пен 65 қызметкер болған.

Оқиға салдарынан перинаталдық орталықтың бір қызметкері мен бір нәресте (туғанына 18 тәулік болған, салмағы - 790 грамм) көз жұмып, сегіз адам жарақат алды. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Зардап шеккендер Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына, Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына, №2 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Жарылыс болған ғимарат "Межбольничная 138 дәріхана" ЖШС-ға тиесілі екенін айта кетелік. Оның перинаталдық орталыққа еш қатысы жоқ. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кейінірек қайтыс болған нәресте үшемнің бірі екендігі туралы ақпарат пайда болды.

Шымкентте жарылыс фактісіне сәйкес, Еңбекші аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Адам өліміне әкеліп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: