Алматыда балаларына алимент төлемей жүрген ер адам көлігінен айырылды

Сот орындаушылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2022 12:21 Сурет: Zakon.kz
Балаларына бір миллионнан аса теңге қарыз ер адам Тілендиев көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Chevrolet көлігі тізгініндегі ер адам алимент бойынша үлкен қарызы үшін іздеуде болған. Ұстау кезінде ер адам полиция мен сот орындаушыларына қандай да бір құжаттарды көрсетуден бас тартты, деп хабарлайды Алматы ПД баспасөз қызметі.

Көлікті мөрлеп, арнайы айып тұрағына қойды.

Полиция алимент бойынша берешек толық өтелгенде ғана көлік иесіне қайтарылатынын айтып, түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: