Қостанайда алимент төлемей жүрген келіншек сотталып кетті
pexels.com
Оның алимент бойынша 3 милллион теңгеден аса қарызы болған.
Қостанай облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін алты айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Костанайские новости" газетінің хабарлауынша, бұған дейін борышкер алты рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
1977 жылғы келіншек Қостанай облысы, Жітіқара қаласында тұрады, 2018 жылдан бері алимент төлемеген. Қарыздың көлемі бүгіндері 3 223 000 теңгені құрайды. Жеке сот орындаушы оны үш рет жұмысқа тұрғызды, алайда бір ай жұмыс істеп, қарызды ішінара өтеген соң жұмысқа бармай, яғни сот шешімін мүлде орындағысы келмеді, - деді Қостанай облысы бойынша ЖСО-ның аймақтық палатасының жетекшісі Несібелі Басенова.
Сондай-ақ, борышкер екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған: 2019 және 2020 жылдары оның бас бостандығы шектелді.
Бұл жолы үшінші қылмыстық іс тіркелді. Ол алимент төлемегені үшін алты айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды, - дейді Басенова.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript