Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік Шымкенттегі жарылыс кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Баспасөз хабарламасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2022 17:50 Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Кеше жарылыс болған Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың пациенттері басқа ауруханаларға көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, олар №2 облыстық перинаталдық орталықтың ғимаратына, Шымкент қаласының №1, 2 қалалық ауруханаларына, қалалық перинаталдық орталыққа және облыстық балалар ауруханасына көшірілді.

Олар дәрігерлер мен психологтардың тұрақты бақылауында тұрғанын бүгін өңірде өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова жария етті.

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Марат Пашимовпен және медициналық ұйымдардың бірінші басшыларымен бірлесіп, жарылыс кезінде зардап шеккендер жатқызылған клиникаларды аралап шықтық. Екі пациенттің жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа 7 пациент бар, қажетті бейінді медициналық көмек толық көлемде көрсетілді.  Науқастармен әңгімелесу жүргізілді, көрсетілетін медициналық көмектің сапасына пациенттер қанағаттанды. ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова

Оның айтуынша, жаңа туған нәрестелер мен жүкті әйелдерді ауруханаға жатқызу бағытын өзгерту бойынша ұйымдастыру шаралары жалғасуда. Барлық жүкті және жаңа туған нәрестелер ерекше бақылауға алынған.

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, ғимарат пен жабдыққа келтірілген залалды бағалауды, сондай - ақ жеке дәріханаларды тексеруді арнайы құрылған комиссия жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 22 мамырда Шымкент қаласында №1 облыстық перинаталдық орталықтың жанында орналасқан жеке дәріхана ғимаратында жарылыс болды.

Баспасөз мәлімдемесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2022 17:50

Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: