Сегіз милионның жылқысын ұрлаған семейлік ұсталды
Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
16 мамыр күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мал ұрлығы үшін екі жыл бойы жауапкершіліктен жалтарған 58 жастағы Семей тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаскөй 2019 жылдың қараша айында Семей қаласының маңынан 42 жастағы шаруа қожалығының иесіне тиесілі 29 бас жылқыны ұрлап, жәбірленушіге 8 100 000 теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды. Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиев
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript