Хоккейден Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Хоккей Сурет: olympic.kz
Қазақстан хоккейшілері Финляндияда өткен Әлем біріншілігінде Италия командасын 5:2 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өз тобында алты рет жеңіліске ұшыраған Қазақстан командасы көптен күткен жеңіске қол жеткізді. Бастапқыда итальяндықтармен ойнау оңай болмады. Екі кезең қатарынан Қазақстан командасы аз-кем артықшылыққа ие болды. Бірақ, үшінші кезеңнің ортасына қарай біздің құрама шабуылды үдете түсті.

Бұл ойынның басты ерекшелігі - осы кездесуде жеңіске жеткен команда Әлем біріншілігінің элиталы дивизионындағы орнын сақтап қала алады.

Бұл міндетті қазақстандықтар қиын болса да абыроймен еңсерді.

Қазақстан құрамасынан итальяндықтардың қақпасына гол соққандар: Кертис Волк, Валерий Орехов, Әлихан Әсетов, Роман Старченко және Никита Михайлис.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз