Қазақстан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 19:42 Сурет: olympic.kz
Шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының IА дивизионындағы екінші матчта Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын барысында отандастарымыз бірде бір шайба, бірде екі шайба айырмасымен артта қалып отырды.

Үшінші кезеңде қазақстандықтар есепті 4:4 қылып теңестіре алды. Ал буллит сериясында Әлішер Сәркенов дәл соққы жасап, ұлттық құрамаға жеңіс сыйлады.

Осылайша Қазақстан құрамасы Словениядағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

10 желтоқсанда Антон Васиннің шәкірттері Франция құрамасына қарсы ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: