Қазақстан жастар құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионына түсіп қалды
Қазақстандық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 4-минутында Асанәлі Русланұлы көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Көп ұзамай германиялық Максим Шефер есепті теңестірді.
Ал 17-минутта қазақстандық Никита Ситников қайтадан ұлттық құраманы алға шығарса, екінші кезеңнің 22-минутында Артур Гросс басымдықты арттыра түсті.
Қарсыластар сапынан Максим Шефер 23, Эдвин Тропман 24- минутта қос гол соғып, таразы басын теңестірді.
Ойынның 44-минутында Юлиус Зумпф соққан шайба Германияға жеңіс алып келді.
Осылайша Қазақстан жастары қарсыласына 3:4 есебімен жеңіліп, бірінші дивизионға түсіп қалды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан жастар құрамасы жоғары дивизионда тоғыз мәрте бақ сынады. 1999 жылы алтыншы орынға тұрақтады. Әзірге бұл ұлттық құраманың ең үздік көрсеткіші.