Жаңалықтар тізбегі
0

Үкіметте еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газбен қамту мәселесі талқыланды

ҚР премьер-министрі, ҚР Энергетика министрі, газбен қамту, Ресей, "Сарыарқы" газ магистралі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 13:34 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Энергетика министрлігі еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарын газдандырудың екі нұсқасы пысықталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Біріншісі – Ресей арқылы газ тарту. Энергетика министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, газ тарту нұсқаларын қарастыру үшін шамамен тұтыну көлемдерін анықтап, ресейлік тарапқа жібергенін айтты.

Сонымен қатар газ құбырларының ең оңтайлы бағыттары да анықталды:

  • Барнаул – Рубцовск – Семей – Өскемен тармағымен Павлодарға дейін, шамамен ұзындығы 1 мың шақырым;

  • Есіл – Петропавл – Көкшетау – Нұр-Сұлтан, шамамен ұзындығы 644 км.

Бүгінгі таңда ресейлік тарап есептеулер жүргізуде, біз оны осы жылдың екінші тоқсанында аламыз деп отырмыз. Сондай-ақ Ресейден сұйытылған газ жеткізу арқылы Шығыс Қазақстан облысы мен солтүстік облыстарды газбен қамту нұсқасын пысықтап жатырмыз. Бірақ айдау және қайта газдандыру үшін тиісті инфрақұрылымды салуды, құрылысқа тиісті инвестицияны қажет етеді. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Баламалы нұсқа – «Сарыарқа» магистральдық газ құбырынан газ беру.

Қазіргі уақытта «АстанаГаз» ҚМГ» АҚ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды көздейтін «Сарыарқа» газ құбырының II-III кезегінің құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін түзетіп отыр. Мемлекеттік сараптаманы алудың күтілетін мерзімі – осы жылдың маусым айы. Болат Ақшолақов

Министрдің айтуынша, материалдар құнының қымбаттауын ескере отырып, магистральдық газ құбырының II-III кезегі құрылысының сметалық құны 165 млрд теңге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: