Жаңалықтар тізбегі
0

Димаштың туған күніне орай малайзиялық жанкүйерлері қайырымдылық жасады

Димаштың туған күніне орай қайырым, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 14:24 Сурет: dimashnews.com
20 мамыр күні әнші Димаш Құдайбергеннің малайзиялық Dears фан-клубы «Penang General Hospital» ауруханасында онкологиялық аурулармен күресетін балаларға гуманитарлық көмек ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайырымдылықты «Dimash Malaysian Dears» фан-клубы Малайзияның солтүстік аймағындағы балалар онкологиясының қауымдастығымен бірге Джорджаут қаласында Димаштың туған күніне орай ұйымдастырды.

20 мамырда фан-клубтың әкімшісі Азуа Али орындаушының басқа да малайзиялық жанкүйерлерімен бірлесіп, Мазна Таиба қауымдастығының президенті және ҚР Малайзиядағы Елшілігінің өкілі Бексұлтан Әбдіжәлилдің қатысуымен аурухана басшылығына жеке 7 қорап гигиена заттарын, 35 қорап сүт, түрлі ойыншық, қолдан жасалған бұйымдар, Димаштың суреті бар фан-клубтың белгішелері, 35 пакет және 50 дана шоколад пирогы табысталды. Бұл туралы Dimashnews.com cайты хабарлады.

Димаш – барлық адам бір-біріне қамқор болғанын, әлемді біртұтас көруді армандайтын аса құрметті қазақстандық артист. Оның әніндегі үндеулер көп адамның жүрегіне әсер етіп, игі істерге шабыттандырады. Димаш балаларды жақсы көреді, қолдайды, өйткені олар – біздің болашағымыз. Оның туған күніне орай біз және жанкүйерлері, қатерлі ісік ауруымен ауыратын балаларға қолдау көрсетіп, оларға сыйлықтар жіберіп, махаббат пен бақытты сәт сыйлауды ұйғардық. Қиын ем кезінде бұл олардың көңіл-күйін көтеріп, жүздеріне күлкі әкеледі. Олар – сондай мықты кішкентай жауынгерлер. Біз олардың тезірек сауығып кетуін тілейміз, – деді Азуа Али.

Келесі күні Dears аниматорлармен 30 балаға арналған қойылым ұйымдастырды. Олардың арасында емделгендер мен қатерлі ісікпен күресетіндер де болды. Іс-шараға қауымдастықтың еріктілері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Торт кесу рәсімінен кейін балаларға ойыншықтар таратылды.

Елшілік өкілі Димаштың фан-клубына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, фан-клубқа және балаларға Қазақстанмен байланысты естелік сыйлықтар табыс етті.

Димаш Құдайбергеннің фан-клубымен ынтымақтасқанымызға қуаныштымыз. Қатерлі ісікпен емделген балалар ұзақ уақыт ауруханада болуы керек. Көбіне олар қалыпты балалық шақтан айырылады. Мұндай жағдай оларға және олардың отбасына ауыр болуы мүмкін. Біз фан-клубқа осындай акция үшін және балаларымызға көрсеткен қамқорлығы үшін алғысымызды білдіреміз, – деді Мазна Таиба.

Ал Димаш Құдайберген осындай маңызды қайырымдылық акцияларын өткізгені үшін барлық Dears-қа үлкен алғысын білдірді:

Мен Dears-тің барлық игі ісі туралы естігенде қатты қуанамын. Адамдардың ең қиын сәттерде бір-біріне қолдау көрсетіп, қамқорлық жасайтынына өте қуаныштымын. Балалардың күлкісі – бұл жарқын өмір. Сондықтан біз оны әрдайым жарқын ету үшін бәрін жасауымыз керек.Димаш Құдайберген
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: