Димаштың жанкүйерлері Жапония радиосына сұхбат берді
Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
FM Kiryu-дың More Music бағдарламасында Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалды. Алғаш рет жапониялық Dears радио эфирінің арнайы қонағы болды. Олар өздерінің фан-клубының қызметі және сүйікті артисінің жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық орындаушы Күншығыс елінің радиоэфирінде сегізінші рет пайда болды. 5 мамырда More Music бағдарламасында Димаштың «Olimpico», «Любовь уставших лебедей» және «Там, где живет любовь» сияқты танымал әндері шырқалды. Бұл эфир шынымен ерекше болды. Себебі алғаш рет арнайы қонақтар ретінде Жапониядан әншінің жанкүйерлері шақырылды.
Dimash Japan Fan Club өкілі Клара радиоэфир жүргізушісіне фан-клубтың қызметі және қазақстандық әртістің шығармашылығы туралы айтып берді.
DJFC фан-клубымыздың ресми парақшаларында Димаш туралы жапон жанкүйерлері үшін жапон тіліндегі ақпарат бөлісеміз. Егер Жапонияда әншімен байланысты кейбір оқиғалар болса, біз бүкіл әлемдегі Dears үшін ағылшын тілінде ақпарат береміз, – деді Димаштың жапониялық жанкүйері Клара.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript