Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан, АҚШ, жеделхат, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2022 16:52 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының президенті Джозеф Байденге Техас штатының Увальде қаласындағы Робб бастауыш мектебінде болған атыс салдарынан мектеп оқушылары мен басқа да азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Мен техастықтардың және Сіздің барлық отандасыңыздың қайғысына ортақтасамын, – делінген Қазақстан президентінің жеделхатында.

Еске салсақ, 25 мамыр күні Техас штатындағы бастауыш мектепте 18 жастағы жігіт атыс шығарып, оның қолынан 21 адам қаза тапты – 5 пен 11 жас аралығындағы 18 бала мен үш ересек адам. Кейін өзі де қайтыс болды. Оны жедел әрекет ету тобының қызметкері атуы мүмкін деген болжам айтылды.

Кейінірек атыс жасады деген күдіктінің әлеуметтік желіде қарудың суреттерін жариялағаны белгілі болды. Ал 18 жастағы Рамостың бұрынғы сыныптасы атыстан бірнеше күн бұрын оған қару мен патрон толы рюкзактың суретін жібергенін айтып, оның қазір мүлде өзгеріп кеткенін айтқан.

Сыныптасы сырт келбеті мен отбасының материалдық жағдайына байланысты мектепте Рамосты жиі мазақ ететінін атап өтті. Сондықтан ол мектепке баруын сиреткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: