Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, – делінген Ақорда жариялаған Президенттің жеделхатында.
Айта кетсек, Камчаткада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 28 жолаушы болған, оның ішінде бір бала бар. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа ұшырағандар арасында аман қалғандар жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript