Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

ҚР президенті, тағайындау, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Бұған дейін бұл қызметті Қайыргелді Есенеев атқарып келген еді.

Мемлекет басшысының өкімімен Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Русланбек Бекжігітов 1971 жылы 13 қаңтарда дүниеге келген.

Білімі:

  • Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп (1989);

  • А. Можайский атындағы әскер-ғарыш инженерлік академиясы (1994);

  • Құқықтану академиясы – «Әділет» жоғары заң мектебі (2002 ж.)

    Еңбек өтілі:

  • Әскери-әуе күштерінің әскери бөлімдерінде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет етті (1994-1999);

  • Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінде қорғаныс және құқықтық тәртіп мәселелеріне жетекшілік етті (1999-2002);

  • Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының қызметкері (2002-06.2015 ж.);

  • Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері басқармасының басшысы (06.2015-03.2021).

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз