Тоқаевтың Жапаровпен кездесуі – әсерлі рәсімнің видеосы жарияланды

Қырғызстан Президентінің «Ала-Арча» резиденциясының аумағындағы «Ақкеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Қырғызстанның әнұрандары орындалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров ресми делегация мүшелерін бір-бірімен таныстырды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметі Telegram-каналында.
Еске салайық, 26 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен келді.
Бөлісу
0
Толық оқу