Тоқаев пен Жапаров «Ала-Арча» резиденциясын аралады - видео

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Ала-Арча» резиденциясының аумағын аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың ресми Telegram-каналында қос көшбасшының серуенінен видео жарияланды.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 26 мамырда Қырғызстанға ресми сапармен келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың шағын құрамдағы кездесуі, сондай-ақ екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер өтті.
Бөлісу
0
Толық оқу