Жаңалықтар тізбегі
0

Shymkent jastar ligasy: Шахматшылар сайысы өз мәресіне жетті

Шахмат жарысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2022 20:07 Сурет: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкентте оқушылар арасында Shymkent jastar ligasy атты бірегей спорттық жарыс ұйымдастырылғаны белгілі. Cпорттың төрт түрі, атап айтқанда, волейбол, баскетбол, шағын футбол және шахмат бойынша біріншілік өтіп, қаладағы 151 орта мектептен 514 команда бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы, жарыстарға 6 мыңға жуық оқушы қатысты.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасы бойынша ұйымдастырылып, бүкіл оқу жылы бойына жалғасқан лига ойындарында бүгін шахмат бәсекелері мәресіне жетті.

Орталық саябақта өткен шахмат бәсекесінің финалдық кезеңіне 130 мектептің арасынан суырылып шыққан 16 команда қатысты.

Қала әкімінің бастамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2022 20:07

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент жастар лигасы – жастардың уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізген және жас жеткіншектерді салауатты өмір салтына баулыған керемет жобаға айналып отыр. Бүгін Шымкенттің ең ақылды, ең алғыр балалары шахмат жарыстарының финалдық кезеңінде бас қосты. Шахмат – спорттың бекзат түрі. Ол адамның ойлау қабілетін дамытады. Шымкент жастар лигасында жылдан жылға бәсекелестік артып келеді. Финалдық кезеңнің жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады, – деді финалдық кезеңінің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Шымкент жастар лигасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2022 20:07

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетелік, шахматшылар сайысында Шымкенттегі Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ мектеп-лицейінің оқушыларынан құралған команда жеңімпаз атанды. Ал, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның оқушылары - екінші, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия шәкірттері үшінші орынды иеленді.

«Шымкент жастар лигасы» жобасы 2021 жылдың 23 қазан күні басталған болатын. Сайыс 2022 жылдың 1 маусым күні аяқталады деп жоспарлануда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: