«Шымкент жастар лигасы» мәресіне жетті
Жарыстың жалпы жүлде қоры 80 миллион теңгені құрады. Яғни, әр спорт түрі бойынша жеңімпаз атанған командаға 20 миллион теңгеден ақшалай сыйлық табыс етілді. Бұл қаржы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалады.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жастар лигасының салтанатты жабылу рәсімінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сөз сөйлеп, жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Міне, екінші жыл бұқаралық спортты дамытуда үлкен жоба бастап, өз нәтижелерін көрсетіп келеді. Мұндағы басты мақсат — жастардың кәсіби спортқа бет бұруының бастамасын мектеп кезінен қалыптастыру. Екінші жағынан, еңбекқорлығымен, әрекетімен өз білім ұяларының абыройын көтеру, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сонымен «Шымкент жастар лигасында» шахмат бойынша — Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейдің, волейбол бойынша Әл-Фараби атындағы №113 мектептің, баскетбол бойынша — М.Х.Дулати атындағы мектеп-гиманзиясының, футбол бойынша — Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гиманзияның командалары лиганың чемпионы атанды.
Айта кетейік, жарысқа Шымкенттегі 151 орта мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі