Бейжің-2022: Шаңғыдан әйелдер арасында эстафета бойынша жарыс өз мәресіне жетті
Сурет: olympic.kz
Бейжің Олимпиадасы аясында шаңғыдан эстафета бойынша жарыстар мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы сапынан эстафета сынына Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қатысты.
4х5 км эстафета бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы жарыс қорытындысы бойынша 15-ші орынға жайғасты.
Айта кетерлігі, РОК командасы Олимпиада чемпионы атанса, Германия құрамасы екінші, Швеция үздік үштікті түйіндеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript