Бейжің-2022: Әділ Ғалиахметов мәре сызығын сегізінші болып қиды
Жартылай финалдағы жағдайға байланысты басты финалда жеті адамның орнына бірден 10 адам өнер көрсетті. Олардың арасында қазақстандық Әділ Ғалиахметов та болды.
Бағын сынаушылардың әрқайсысы да медальдан нақты үміткер, сондай-ақ мұнша спортшы қатар жүгіргенде әрқалай күтпеген жағдай орын алуы ықтимал.
Мұз айдынына аяқ басар алдында Ғалиахметов дұға оқыды, жымиып, өз-өзіне сенімді көрінді.
Жарыста әр спортшы өзіне тиімді позиция орынды алу үшін арлы-берлі қозғалыста болды. Мәреге тоғыз айналым қалғанда барлығы алға ұмсынды, Әділ де суырылып, алға шықты. Кейін ортаға қарай ығысты.
Өкінішке қарай, мәреге жақындағанда қазақстандық көшбасшылар тобының қатарына жете алмады, сөйтіп ол мәре сызығын сегізінші болып қиды.