Ауғанстанда 1,1 млн балаға аштық қаупі төніп тұр

Ауғандық балалар аш Сурет: pixabay
Ауғанстанда 1 миллионнан астам бала тойып тамақ ішпейді. Бұл олардың денсаулығына зардабын тигізуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Аштықтан әлсіреген жеткіншектер ауруханаларға көптеп түсіп жатыр. Аталған Ұйым мен басқа да көмек агенттіктері өткен жылы миллиондаған адамды тамақтандыру бағдарламасын жүзеге асырды.

Бұл- «Талибан» қозғалысы Ауғанстанды басып алған соң ашаршылықтың алдын алу үшін жасалған шара. Бірақ елдегі жағдай күн өткен сайын нашарлап, кедейшілік өршіп, жәрдемге мұқтаж ауғандықтар саны артып отыр. Ахуалдың қиындауына Украинадағы жағдайға байланысты азық-түлік бағасының өсуі, халықаралық донорлардың қаржыландыру уәделерінің әлі орындалмауы да себеп.

«Ассошиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, Парван провинциясында балалармен бірге аналалар да аштыққа ұшырап отыр.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз