Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда киік саны 1 млн 300 мыңға жетті

ақбөкен, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2022 18:15 Сурет: Zakon.kz
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова киік саны еліміз бойынша 1 млн 300 мыңға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстанда «Бөкей ордасы» мемлекеттік резерваты мен «Ащыөзек» табиғи қаумалы құрылды. Вице-министр аудандарға барып, «киіктерден зардап шегіп отырмыз» деп шағымданған шаруалармен кездесті. Резерват осы мәселені шешуге ықпал етеді деп ашылды. Табиғи аумақтың жалпы ауданы - 650 мың гектар. Онда 78 адам жұмыс істейді.

Ал Қазақстанда киік саны 1 млн 300 мыңға жетті. Орал популяциясында 800 мың бас бөкен бар. Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлады.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекованың айтуынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақ 1 шілдеден бастап нақты іске кіріседі. Оған республикалық бюджеттен 300 млн теңге қаржы бөлінеді.

Басты мақсат – киікті қорғау, оның көші-қонын қадағалау. Аумақта шамамен 250 мыңдай киік болады. Резерватта аңшылық жасауға тыйым салынады. Ал ол жерден тыс аумақта киікті аулаумен басқа бір мекеме шұғылданады. Ол жағын әлі ойластырып жатырмыз.Әлия Шалабекова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: