Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда киік саны 2 миллионға жуықтады

Қазақстанда киік саны 2 миллионға жуықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 16:32 Сурет: wikimedia
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, елімізде киік саны 1,9 миллионнан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы әуе санағы дерегіне сәйкес киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа артты. Бұл дегеніміз ақбөкен саны 45,3% өсті деген сөз. Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясының саны - 1,13 млн. дарақ. Ал Бетпақдала 745 300, Үстіртте 39 700 ақбөкен бар.

Еске сала кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді. Аталмыш жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: