Жаңалықтар тізбегі
0

30 мамыр – аллергия және демікпе ауруларымен күресу күні

аллергия және демікпе ауруларымен күресу күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2022 10:56 Сурет: unsplash
Аллергия мен демікпе – дүниежүзінде ең кең таралған аурулардың бірі. Бронх демікпесі тыныс алу жолдарының ауруларына әкеледі. Алайда демікпенің себебі аллергия да болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 мамырда дүниежүзінде Аллергия және демікпемен күресу күні аталып өтеді. Негізгі мақсаты – дәрігерлердің, науқастардың және халықтың осы аурулар туралы ақпараттандырылуын арттыру, аллергия мен демікпеге байланысты мәселелерді шешуге қоғамның назарын аудару және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру.

Бронх демікпесі туралы

Статистика бойынша ересек тұрғындардың 5%-дан астамы және балалардың 10%-ы осы ауруға шалдыққан. Бронх демікпесі – түрлі ішкі және сыртқы қоршаған орта факторларынан бронхылардың тарылуына ықпал ететін тыныс алу жолдарының ауыр созылмалы қабыну ауруы. Бронх демікпесіне тән симптомдар: ентігу, жөтел, кеудеде сырыл мен ауырлық сезімінің болуы. Бронхылар қатты тарылған жағдайында тұншығу ұстамасы пайда болады.

Уақытылы алдын алса және дұрыс жоспарланған жағдайда демікпені болдырмауға болады. Демікпенің алдын алудың негізгі бағыты – аллергия мен тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын болдырмау. Темекі түтіні немесе тітіркендіргіш химиялық заттармен байланыста болатын балалар аллергияға жиі шалдығады және бронх демікпесімен ауырады. Ең кең таралған аллергендер: үйдегі шаң, тарақандар, кішкентай кенелер, үй жануарларының жүні, зең, тамақтың кей түрлері, өсімдік тозаңы, – дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергологиялық орталығы басшысының м.а., аллерголог, иммунолог Арай Батырбаева.

Арай Батырбаеваның айтуынша, бронх демікпесін алдын алу бойынша дұрыс жоспарланған және жүзеге асырылып жатқан шаралар – аурудың алдын алу және емдеудің тиімді тәсілі.

Заманауи медицина тәжірибесі демікпенің алдын алу іс-шарасын дұрыс орындау көбіне ауруды емдеуге немесе пациенттің демікпеге қарсы дәрі-дәрмектерді пайдалануын азайтуға жеткілікті екенін көрсетті. Диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерінің арқасында ауруды бақылауға болады.

Дәрігерлердің айтуынша, дұрыс емдеу жүргізілсе, демікпемен ауыратындардың көбі оны бақылап отыруға, симптомдарынан арылуға, ұстамалардың сирек болуына немесе тіпті мүлдем болмауына, арнайы дәрі-дәрмектерді сирек пайдалануға қол жеткізе алады. Осылардың барлығы толыққанды өмір сүруге және симптомдар мен асқынуларды ұмытуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: