Атырау облысының тұрғынынан қару-жарақ пен тыйым салынған діни кітаптар тәркіленді

Атырау, полицей, қылмыскер, қару Сурет: Атырау облысы Полиция департаменті
Атырау облысында деструктивті діни ағымдар өкілінен елімізде тыйым салынған тапаншалар мен кітаптар тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрлігі Экстремизмге қарсы күрес департаменті мен Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері деструктивті діни ағымдардың 1993 жылы туған өкілін анықтады. Оның тұрғылықты жерінен тінту кезінде МР-79 маркалы 9 мм травматикалық тапанша, оған арналған патрондар (14 дана), Қазақстанда таратуға тыйым салынған ақпараты бар флеш-карталар (бес дана) және 17 дана діни кітаптар табылып, тәркіленді.Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша Атырау қаласының №2 қалалық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру. – ред.)287-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастады.Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз