Атырауда діни деструктивті ағым өкілінен травматикалық тапанша тәркіленді

ұсталды, қару жарақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 16:30 Сурет: Zakon.kz
Атырауда діни деструктивті ағым өкілінен қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам қаруды заңсыз сақтап, тасымалдаған.

31 жастағы азаматтан Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде серия нөмірі өшірілген ОСА травматикалық тапаншасы табылып, тәркіленді. Сараптама тағайындалды. Күдіктінің жеке басын анықтау барысында оның бұрын сотты болғандығы анықталды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: