Діни фундаментализмге қарсы тұру мәселелері талқыланды
26 тамызда ҚР Ұлттық музейінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Діни фундаментализмнің діни-саяси өзекті мәселелері" тақырыбында семинар өтті, депхабарлайды zakon.kz.
Семинарға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Әлмұханов Нұрдәулет, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, Наиб мүфти Оңғаров Ершат және ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласындағы имамдары қатысты.
Іс-шара барысында Е.Нүкежанов Дін істері комитеті қызметінің үш негізгі бағыты, соның ішінде халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, интернет-кеңістікте діни экстремизм көріністерінің алдын алу, деструктивті діни ағым (ДДА) ұстанушыларын оңалту және оларды әлеуметтік ортаға қайта бейімдеу шаралары туралы айтып берді.
Сонымен қатар Е.Нүкежанов ҚМДБ мешіт имамдарының білімі мен біліктілігін арттыру, ДДА қатарында жүрген азаматтарды оңалту және оларды қайта бейімдеу, сондай-ақ интернет кеңістікте жұмыс жасайтын діни қызметкерлердің заманауи коммуникациялық дағдыларын дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстарды жеткізді.
Іс-шара соңында қатысушылар дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде ары қарай ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.