Петропавлда бойжеткен он екінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды

Петропавл, бойжеткен, өз-өзіне қол жұмсау, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2022 17:51 Сурет: pixabay
Петропавлда 17 жастағы қыз қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің 12-қабатынан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

СҚО полиция департаменті қайғылы оқиға 30 мамырда таңғы уақытта болғанын мәлімдеді.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлімге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. СҚО ПД баспасөз қызметі

Сараптама тағайындалды. Полицейлердің айтуынша, оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: