Атырауда зейнеткер балконнан секірмек болды
Сурет: polisia.kz
Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің үшінші қабатынан секірмек болған 70 жастағы ер адамды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 мамыр күні сағат 14:00 шамасында «102» операторының пультіне Нұрсая ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің үшінші қабатында белгісіз қария балконнан түсіп бара жатқаны туралы хабарлама келді. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Облыстық департаменттің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Серік Жұмырғожиев пен полиция лейтенанты Аслан Аманғалиев 70 жастағы қарияны аман алып қалды.
Зейнеткер үйінде жалғыз болғаны және оны сыртынан бекітіп кеткені анықталды. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript