Нигерияда маймыл шешегінен алғашқы кісі өлімі фактісі тіркелді

Маймыл шешегі Сурет: Zakon.kz
Жергілікті аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (NCDC) Нигерияда барлығы 21 адам маймыл шешегіне шалдыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылы 29 мамырдағы мәліметтерге сәйкес, елдің тоғыз штатында (36 штат бар) 21 жағдай расталды, олардың бірі қайтыс болды... Иммунды түсіретін дәрі қабылдаған, қосалқы дерттері бар 40 жастағы науқас қайтыс болды, - деп хабарлады ведомстводан.

Инфекция Нигерияның келесі аймақтарында анықталды: Адамава, Лагос, Байелса, Дельта, Кросс Ривер, ел астанасы маңындағы өңірлер Абуджа, Кано, Имо, Риверс.

Нигерияда маймыл шешегімен күрес жөніндегі басқарманың мультисекторалды орталығы (MPX-EOC) іске қосылды.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің 257 жағдайы расталғанын және әлемнің 23 елінде шамамен 120 болжамды жағдайы бары туралы хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, вирус, әдетте жануардан адамға жұғады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз