Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан тағы 4 кісі өлімі тіркелді
ca-portal.ru
Қазақстанда COVID-19-дан барлығы 77 адам қайтыс болды.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан тағы 4 кісі өлімі тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.
Атап айтқанда: 1941 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының, 1971 жылғы Павлодар облысының, 1977 жылғы және 1952 жылғы Ақмола облысының тұрғындары.
КВИ тесті оң нәтиже көрсеткен науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады, - дейді Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствааралық комиссия.
Қазақстанда COVID-19-дан барлығы 77 адам қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript