Алматының кейбір аудандарында электр жарығы сөнеді

Алматы, Шаңырақ, электр қуаты, электр желісі Сурет: pixabay
Маусымның 1-і мен 2-сі күндері Шаңырақ-2 ауданы мен Көк-Қайнар шағынауданында электр қуаты сөнеді. Жөндеу жұмыстарына байланысты жеке сектордағы үйлерде электр қуаты өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
1 маусымда жоғары вольтты желідегі апатты жөндеу жұмыстарына байланысты сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Шаңырақ-2 шағын аудандағы Әубәкіров көшесіндегі, Жалаңтөс баһадүр көшесіндегі, Қаракемер көшесіндегі және Көк-Қайнар шағын ауданыныңы Абай көшесіндегі тұрғын үйлердің 1131 абонентінде электр жарығы болмайды.«Алатау Жарық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі

Сонымен қатар, 2 маусымда дәл осы уақытта Шаңырақ-2 (Жанқожа батыр көшесі, 209-586) және Шаңырақ-1 (Өтемісұлы к-сі 108-217) шағын аудандарындағы тұрғын үйлерде электр жарығы болмайды. Жоғары вольтты желідегі апатты жөндеу жұмыстарына байланысты 701 абонентте электр жарығы өшіріледі.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз