31 мамыр: Смағұл Елубай жоқтаусыз кеткендерді жалпыхалық болып жоқтауға шақырды

Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу Сурет: Zakon.kz
Алматыда өткен, құрбандарды еске алу күнінде жазушы Смағұл Елубай жоқтаусыз кеткендерді жалпыхалық болып жоқтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін алматылықтар да марқұмдарға арнап Құран бағыштады. Ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Алматылықтар бүгінгі ауа-райына қарамастан, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне бір кісідей ат салысты. Жазушы Смағұл Елубай жазықсыз құрбандарды ақтау бойынша жұмыстарды жалғастыруға шақырды. Сонымен қатар бұл күнді келешекте жалпыхалықтық шараға айналдырса деген ұсыныс айтты, деп хабарлайды Astana.tv.

Құрметті ағайын, ұлт болып қайғыра білмеген халық ұлт болып қуана да алмайды деген сөз бар. Ендеше жылына бір күн ғана біз осы жоқтаусыз кеткен жарты халықты, жалпы халық болып жоқтауымыз керек деп ойлаймын. Туымыз түсіріліп, теледидардағы ойын-сауықтар өзгертіліп, Парламенттке үнсіздік жарияланып, сосын жалпыхалықтық мәңгілік халық атты шеру өту керек деп білемін. Жазушы Смағұл Елубай

Тарихтағы деректерге сенсек, ел ішіндегі 100 мыңнан астам халық, қуғын-сүргіннің құрбаны болған. Жазықсыз кеткен ұлт зиялыларын атар болсақ: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Тұрар Рысқұлов пен Міржақып Дулатұлы. Сүт бетіндегі қаймақтардың арасында Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Темірбек Жүргенов сияқты тағы басқа көрнекті қоғам қайраткерлер бар. Қаралы жиынға келгендер олардың рухына арнап Құран бағыштады. Ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Осы қасіретке біз әлі селсоқ қараймыз. Әлі мыңдаған емес жүздеген мың адам қазақтар ақталмай жатыр. Айта берсек бұл бір бітеу жара. Әр үйде, әр отбасында осындай қасірет бар. Ең ауыры сол құрбан болғандардың ұрпақтары өздерінің бабалары немен айыпталды қалай айыпталды білмейді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Хангелді Әбжанов

Ұлтты сақтап қалу үшін тер төккендердің еңбегін ұрпағы ұмытпау керек дейді көпшілік. Шараның басы-қасында жүргендердің де мақсаты-осы. Сондықтан жапа шеккендердің рухына тағзым ету, әрқайсымыздың перзенттік борышымыз болып қала бермек екенін жадымыздан шығармау керек деп тарқасты.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз