Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Смағұл Елубайды қабылдады

Қазақ киносы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 19:14 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті жазушы Смағұл Елубайды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында қаламгердің шығармашылығы туралы сөз болды. Сондай-ақ қазақ әдебиеті мен ұлттық киноның қазіргі жай-күйі талқыланды.

Смағұл Елубай өзінің «Ақ боз үй» романының желісімен түсірілген фильм жөнінде баяндады. Картинаға өткен ғасырдағы қазақ даласында болған аштық арқау болған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының шығармашылығына табыс тіледі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: