Абаев әкімдіктердің назарын дәретханалардың жағдайына аударды

министр биотуалет жағдайын айтты Сурет: pixabay
Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әкімдікке дәретханалардың жай-күйіне қатысты сауал жолдады. Оның айтуынша, бұл мәселені жеке бизнесті тарту арқылы шешу керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап туризм саласын мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары қолданысқа енгізілгенін еске салды.

Бұл ретте министр өңірлердің назарын дәретханалар жағдайына аударып, бұл мәселені жеке бизнесті тарту арқылы шешуді ұсынды.

Бізде шартты түрде Қоянды – туристер көп келетін тамаша жер, бірақ дәретханалары жұмыс істемейді. Себебі бұл өте қымбат. Олардың су құбырына қосылуы күмәнді. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев

Жиында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазіргі бағдарламалар туризм саласының нақты сұранысын қанағаттандырмайтынын атап өтті.

Бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет. Облыс әкімдіктерінің, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, туристік нысандарды инженерлік инфрақұрылыммен уақтылы қамтамасыз ету шараларын қабылдауға назарын аударамын. Қызмет көрсету сапасына, туристік қызмет көрсетуге басты назар аударылып, биодәретхана мәселесі де шешілуі керек. Әлихан Смайылов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз