Жаңалықтар тізбегі
0

Жоғары Сот кеңесі жаңа судьяларды ұсынды

Жаңа судьялар, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2022 20:42 Сурет: Zakon.kz
Жоғары Сот кеңесі 296 бос орынға арналған үш конкурстың қорытындысын шығарды.

Оның ішінде:

  • Жоғарғы Сот судьяларының 4 бос орны (74 үміткер);

  • облыстық соттардың сот алқалары төрағаларынаның 12 бос орны (94 үміткер);

  • облыстық соттар судьяларының 18 бос орны (162 үміткер);

  • аудандық сот төрағаларының 89 бос орны (191 үміткер);

  • аудандық соттар судьяларының 173 бос орны (217 үміткер).

Лауазымдар мен аймақтарға байланысты кандидаттардың саны өзгеруде.

Мысалы, Алматы қаласының аудандық соттарының төрағалары лауазымдарына 1 орынға 27 адам үміттенген, ал 7 шалғайдағы және шағын құрамды соттарға бір де бір кандидат өтініш бермеген.

Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" аудандық соты судьясының бос лауазымына – 89 адам, ал Павлодар облысы Ақсу қалалық сотына - 1 кандидат қана үміткер болды.

Конкурстардың қорытындылары бойынша Кеңес келесі лауазымдарға үміткерледі іріктеді:

  • Жоғарғы Сот судьялары лауазамдарына 4 адам;

  • облыстық соттардың алқа төрағалары лауазымдарына 11 адам;

  • облыстық соттардың судьялары лауазымдарына 13 адам;

  • аудандық соттардың төрағалары лауазымдарына 55 адам;

  • аудандық соттардың судьялары лауазымдарына 82 адам.

Кандидаттарды жан-жақты зерделеп, терең бағалағаннан кейін кеңес Жоғарғы Сот судьялары лауазымдарына орташа жасы 54 жас, заңгерлік өтілі 31 жас, сот жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі 25 жылдан асатын тәжірибелі судьяларды ұсынды.

Облыстық соттардың сот алқаларының төрағалары лауазымдарына орташа жасы 53 жыл, заңгерлік өтілі 25 жыл, сот жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі 21 жылы бар судьялар іріктелді.

Облыстық соттардың судьялары лауазымдарына орташа жасы 48 жасты, заңгерлік өтілі 23 жасты, сот жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі 19 жасты құрайтын судьялар іріктелді.

Аудандық соттардың төрағалары лауазымдарына орташа жасы 43 жасты, заңгерлік өтілі 18 жасты, сот жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі 9 жасты құрайтын судьялар ұсынылды.

Аудандық соттар судьяларының лауазымдарына жеке және корпоративтік секторлардың заңгерлері (2), мемлекеттік органдардың заңгерлері (2), адвокаттар (2), нотариус (1), құқық қорғау органдарының жұмыс істеп жүрген және бұрынғы қызметкерлері (8), жергілікті соттардың мамандары (23) және жүйе ішінде орын ауыстыратын судьялар (44) ұсынылды.

Ұсынылған адамдардың орташа заңгерлік өтілі – 16 жыл, ал орташа жасы - 42 жыл.

Аудандық сот судьялары лауазымдарына алғаш ұсынылған 38 үміткердің ішінде 8 үміткер марапаттарға ие, 31 үміткердің магистр дәрежесі бар, оның ішінде 28-і мамандандырылған сот төрелігі академиясын бітірген.

Ұсынылған 127 судьяның 24-і марапаттарға ие, 1 заң ғылымдарының кандидаты, 23 магистр дәрежесіне ие, олардың 14 Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, 3 Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген.

Судья лауазымдарына конкурстық іріктеу тәртібі

Судья лауазымына үміткерлер көп сатылы, кезеңдік жүйесі негізінде қатаң конкурстық іріктеуден өтті. Конкурс келесіні қамтиды:

  • 1) кешенді бағалау (оның ішінде сот төрелігінің сапасы, жазалардың болуы/болмауы, судья әдетін сақтау және т. б.);

  • 2) кандидаттарды цифрлық өлшемшарттар жүйесі бойынша арнайы компьютерлік бағдарламамен бағалау;

  • 3) құзыреттер бойынша сұхбат;

  • 4) конкурстық комиссияның кандидаттарды алдын ала қарау. Оның құрамына судьялар, адвокат, құқық профессоры, заң қоғамдастығының, прокуратураның өкілдері, сондай-ақ HR-менеджмент саласындағы сарапшылар кіреді;

  • 5) Кеңес мүшелерінің кандидатураларды қарауы және судья лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидатты дауыс беру арқылы белгілеу.

Судьялыққа кандидаттарға қатысты мынадай қосымша құралдар қолданылды.

БАҚ пен әлеуметтік желілерді бақылау арқылы кандидаттар туралы қоғамның пікірін зерттеу.

Судьяларды іріктеу кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру үшін Кеңестің сайтында конкурсқа қатысқан тұлғалардың тізімі жарияланды және азаматтар әр кандидат бойынша өз пікірлерін бере алды.

Осыған байланысты, азаматтарға конкурстық комиссиясының отырысына дейін кандидаттар туралы пікірлерді уақтылы жолдау қажеттігін ескертеміз.

Сонымен қатар, Кеңес шешім қабылдау барысында конкурстарға қатысатын судьяларға қатысты азаматтардың шағымдарын қарап, ескерді.

Адвокаттық қоғамдастықтың пікірін зерделеу үшін конкурстарға қатысатын адамдардың тізімдері адвокаттар алқасына жолданды.

Заңға сәйкес, судья лауазымына конкурсқа қатысатын кандидаттарды судьялар қауымдастығының органдары да қарады (облыстық соттардың жалпы отырыстары).

Кеңеске кандидаттар туралы 700-ге жуық хаттар мен хабарламалар келіп түсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: