Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да төрт адамға шапқан қасқырдан құтыру ауруы анықталды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2022 20:32 Сурет: pixabay
БҚО-ның Шыңғырлау ауданында қасқыр төрт жергілікті тұрғынға, соның ішінде балаға да ауыз салған. Мамандар жыртқыштың құтыру ауруымен ауыратынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Уральская неделя» басылымының мәліметінше, оқыс оқиға мамыр айының басында орын алған. Сол кезден бастап ауылда карантин жарияланды, мал етін сатуға уақытша тыйым салынды.

Жабайы қасқыр Шыңғырлау ауданының Шоқтыбай ауылына кіріп кетіп, төрт адамға, оның ішінде кішкентай қызға да ауыз салған. Кейін зертханалық зерттеу нәтижесіне сәйкес, қасқырда құтыру ауруы анықталды.

Шоқыбай ауылдық округінің әкімі Әділ Қаражанов басылымға жыртқыш аңнан зардап шеккендер вакцина алып жатқанын, сондай-ақ олармен байланыста болғандықтан өзі де ем алып жүргенін жеткізді.

Көзін жойғаннан қасқырдың басын біз ветеринарлық инспекция жанындағы зертханаға жібердік, құтыру үшін алынған сынама оң нәтиже берді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар ауылдың жанындағы орманда тағы бес-алты қасқыр жүргенін анықтады. Біз ветеринария басқармасынан оларды атуға рұқсат алдық, өйткені олар адамдарға және үй жануарларына қауіп төндіреді. Шоқыбай ауылының әкімі Әділ Қаражанов

Сонымен қатар, ауыл басшысы қазіргі уақытта ауылда екі айға карантин жарияланғанын, ветеринария басқармасының мамандары малды дезинфекциялап, вакцина салатынын айтты. Сол секілді мұнда ет сатуға тыйым салынған.

Биыл ақпан айында жыртқыштардың күн жарықта шопандарды иектеу, ауыл тұрғындарының тыныштығын бұзу фактісі тіркелді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: