Батыс Қазақстанда 4 адамға шапқан қасқыр құтырған болып шықты

қасқыр шапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2022 16:22 Сурет: pixabay
Батыс Қазақстанда 4 адамға шапқан қасқыр құтырған болып шықты. Ауыл 60 күнге карантинге жабылып, мал сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 1 ай бұрын Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай елдімекенінде болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Кешкісін ауылға кірген қасқыр 4 тұрғын мен бірнеше итті жарақаттап кеткен. Олардың бірі - 4 жастағы қыз бала.

Бәрі де құтыруға қарсы екпе алып, ем-домын жалғастырып жатыр. Қасқырды атып, ұстауға көмектескен тағы 8 адам екпеге жіберілді. Сондай-ақ енді ауылдағы барлық мал, ит-мысық егіліп, аулалар зарарсыздандырылады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: