Алматыда жолаушылар автобусына жылқы алып кірген ер адамға айыппұл салынды
Сурет: видеодан алынды
Алматыда жолаушылар автобусымен жылқы тасыған ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматылық жолаушылар автобустарының бірінің салонында түсірілген видео желіде тарады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полициясы бөлімі №12 автобуспен жылқысын тасымалдаған Ж. есімді азаматты анықтады. Ол өз қателігін бірден мойындады. Жылқы иесі ҚР ӘҚбК-нің 407-2 бабы 1-бөлігінің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы ретте онымен алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript