Іле-Алатау ұлттық саябағында от жаққан алматылыққа 345 мың теңге айыппұл салынды

Алматы, Медеу, өрт, Алматы ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 11:57 Сурет: Алматы ТЖД
Алматыда Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағында от жаққан 38 жастағы ер адамға 345 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 наурыздан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының мемлекеттік орман қоры аумақтарында өрт қаупі кезеңі жарияланды.

"Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды, дала өрттерінің алдын алу бойынша мониторинг жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері табиғи парк аумағындағы Медеу филиалында екі өрт оқиғасы тіркелді.

Сурет: Алматы ТЖД

23 сәуірде Алма-Арасан шатқалында Терра алаңқайына барар жолда 0,5 гектар аумақты құрғақ шөрп өртенді.

27 сәуірде қаланың Медеу ауданында Іле-Алатау ұлттық саябағының аумағындағы Просвещенец шатқалында таудың оңтүстік беткейінде құлаған екі ағаш пен қураған шөп өртенді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: