Полиция қызметкерлеріне қаратып әдейі "жыл шығарған" адамға қомақты айыппұл салынды
The Guardian
Айыппұл қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін деген баппен салынды.
Венада ер адамды полиция қызметкерлеріне теріс қарап, әдейі "жел шығарғаны" үшін 500 евро (227 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы ВВС жазады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қалалық полиция кішігірім оқиға болған жағдайда ешкімге айыппұл салынбайды деп атап өтті. Алайда тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам арандатушылық әрекет мақсатында мұны жасаған. Ол саябақ отырған орындығынан тұрып, кетіп бара жатқан тәртіп сақшыларына теріс қарап, барқ еткізіп осыра салған.
Ыңғайсыз оқиға 5 маусымда болған.
Айыппұл қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін деген баппен салынды. Полиция бұл жайтқа байланысты фотосуреті бар түсініктемені Twitter-де жариялады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript