Қарағанды облысында адамдарға тап берген қасқыр құтырған болып шықты
Сурет: pixabay
21 желтоқсанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында бірнеше адамға шауып, артынша атып тасталған қасқыр құтырған болып шықты. Осыған байланысты Қарқаралы ауданында бір айға шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
eKaraganda.kz басылымы 27 желтоқсанда жазғандай, Қарқаралы ауданының әкімдігі құтыру ауруына байланысты бір айлық шектеу енгізілетінін хабарлады. Қарқаралыда 21 желтоқсанда үш әйелге шабуыл жасаған қасқырдан өлімге әкеп соқтыратын ауру анықталды.
"27 желтоқсаннан бастап қалада шектеу шаралары енгізілуде. Ет-сүт өнімдерін сатуға, ит-мысық көрмелерін өткізуге, елді мекеннен тыс жерлерге жануарларды алып шығуға тыйым салынады. Сондай-ақ мал мен үй жануарларына құтыруға қарсы екпе салынады", – деп хабарлайды басылым.
Желтоқсанның 21-і күні таңертең Қарқаралының шетінде адамдарға, оның ішінде жүкті әйелге шабуыл жасаған қасқыр атылып тасталды. Зертханалық зерттеулер жануардың құтыру дертіне шалдыққанын көрсетті. Қауіпті ауру фактісі расталғаннан кейін Қарқаралыда малға екпе салынады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript