Жаңалықтар тізбегі
0

Эмбер Херд сот шешіміне шағымдануға әрі өзін банкрот деп жариялауға ниетті

Сот отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2022 23:28 Сурет: Instagram/amberheard
Америкалық актриса Эмбер Херд жала жабу ісі бойынша бұрынғы күйеуі, голливуд актері Джонни Депп жеңіске жеткен сот шешіміне қарсы шағымданбақшы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Актрисаның адвокаты Эмбердің бұрынғы күйеуіне талап етілген соманы төлейтіндей ақшасы жоқ екенін айтты, деп жазады Daily Mail.

Оның болашақ фильмдерден алатын сыйақыларының бір бөлігі үлкен қарызды өтеу тұрғысында Джонни Дептің қалтасына түсіп отыруы мүмкін.

Қазылар алқасы Джонни Дептің шағымымен қозғалған жала жабу ісі бойынша өз шешімін шығарды. Бірнеше жыл бойына актер бұрынғы әйелі Эмбер Херд баспасөз арқылы өзін қаралап, осылайша беделі мен мансабына нұқсан келтіргенін дәлелдеуге тырысты. Ақырында ол өз мақсатына жетіп, қазылар алқасы актрисаның жала жапқаны дәлелденгенін мойындады.

Джонни Депп сот ісі аяқталған соң соңғы алты жылдағы оқиғалар оның өміріне қалай әсер еткенін әрі бұл іске нүкте қойылғаннан кейін өзін қалай сезінетінін ашық айтты.

Кейбір алыпқашпа сөздерге сенсек, актриса бұрынғы күйеуіне ақша төлемес үшін өзін банкрот деп жариялауға ниетті.

Хердтің табысының көлемі белгісіз, бірақ ол теледидардағы қызметі мен Акваман және Акваман-2 сияқты фильмдерге түскені үшін миллиондап ақша тапқан. Бұған дейін ол 2016 жылы ажырасқаннан кейін Депптен 7 миллион доллар көлемінде өтемақы алды. Актриса оны қайырымдылыққа, соның ішінде ACLU-ға жұмсауға уәде берген. Бірақ сот барысында ол мұны әлі жасамағанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: